Жыныс гормондарының түзілуі және маңызы


Скачать/Жүктеу

Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Олар жыныс торшаларымен қатар аталық және аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг), организмнің пісіп-жетілуін реттейді.

Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. Мысалы, ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10 мкг аталық гормондар және 5-15мкг аналық гормондар, ал әйелдер зәрінде 3-10 мкг андрогендер, 18-36 мкг эстрогендер болады.

Аталық гормондар (андрогендер) аталық бездің (еннің) аралық ұлпаларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Ал, бездің Сертоли торшаларында эстрогендер (аналық, гормондар) түзіледі.

Аталық гормондарға алъдостерон, изоандростерон, дегидроандростерон, тестостерон жатады. Олардың арасындағы ең белсендісі -тестостерон. Аталық гормондар анаболизмдік гормондарға жатады. Олар бұлшық етте белоктың түзілуін және жиналуын күшейтіп, оң азоттық тендестік қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде майдың жиналуын азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий-калий хлоридтерінің қорға жинақталуын күшейтеді.

Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, жыныстық айналымды, сүт безінің қызметін реттейді. Эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) аналық организмге тән белок пен майдың, су мен минералды тұздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, капилляр қабырғасының өтімділігін жоғарылатады.

Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны (геста-гендер) және андрогендер түзіледі. Сары дене гормондары — прогестерон, прогненол — ұрықтану және ұрпақ көтеру процестерін реттейді. Прогестерон буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың дамуын, жатырдың жиырылуын бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің басталуына ықпал етеді. Аналық бездің аралық, торшаларында түзілген андрогендер фолли-кулаларда қуыстың пайда болуын, овуляция (фолликуланың жарылуын) реттеуге қатысады.

Сары дене, жолдас, жатырдың кілегей қабығы (эпидометрия) релаксин гормонын бөледі. Буаздық барысында бұл гормонның бөліну мөлшері өсе түседі. Релаксин босаңсу (төлдеу) процесінің дұрыс өтуі үшін қажет, оның әсерімен шат сүйектерінің байламы (симфиз) жібіп, жатыр мойыны босаңсып, ашылады.

Буаздық кезінде планцента (жолдас) да ішкі секрециялық қызмет атқарады, одан эстрогеңдер, прогестерон, релаксин және жолдас гонадотропині бөлінеді. Бұл гормоңдар буаздықтың сәтті өтуі үшін қажет.

Жыныс гормондарының түзілуі және бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Нерв жүйесі жыныс бездерің қызметін рефлекстік жолмен гапофиздің гормон бөлу қабілетін өзгерту арқылы реттейді. Гипофиздің фолликуланы жандандырушы гормоны аналық организмде фолликуланың пісіп-жетілуін, ал аталық организмде — сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гормон жыныс гормондарының түзілуін, ал пролактин — сары денеде прогестеронның бөлінуін және сүттену процесін жандандырады. Эпифиз мелатонині жыныс бездерінің өсіп-дамуын тежейді.

Скачать/Жүктеу

This entry was posted in Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина. Bookmark the permalink.

Добавить комментарий