Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. Continue reading

Posted in Қазақ әдебиеті | Leave a comment

Ата-ана тәрбиесінің стильдері

Ата-ана тәрбиесі стилінің құрамында лидерлік пен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері болады, бірақ оның неғұрлым мәнді элементтері эмоционалды қатынас пен балалардың тәртібіне деген бақылаудың деңгейі болып табылады. Диана Бомбринд 3 негізгі стильді бөліп көрсетті, кейін оған төртіншісі де қосылған, бірақ ата-ана стилін жиі ата-ананың өзіндік ерекшелігімен байланысты емес, балалар тұлғасы үшін оның салдары контекстінде талдайды. А.Е.Личко ата-ана стилінің бұрмалануын жасөспірімдердің мінез акцентуациясының көрінуімен байланыстырған, бірақ сонда да бұл стильдердің субъектісі жайлы мәселе әлі толық зерттелінбеген болып қалады. Continue reading

Posted in Психология, Педагогика | Leave a comment

Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері

Педагогикалық қарым-қатынас бір адам екінші адаммен тәжірибе (білім, икем, дағды, жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық құндылықтар т.б.) алмасқанда болады; ол әрбір профессионалды  қарым-қатынаста болады, сондықтан да педагогикалық стильдерді кейде бізбен сипаттаған басшылық стильдеріне ұқсатады.

Педагогикалық стильдердің артық көруі мен адамдардың Мен-концепциясының арасындағы байланыс табылды: автократиялық стиль көбінесе өзін білмейтін және қабылдамайтын адамдарға сай, сынға жабықтығымен, ренжігіштігімен, эмоционалды регидтілігімен мінезделеді. Және, керісінше, демократиялық стильді ұстанатын педагогтарда әдетте позитивті Мен-концепциясы болады, ашық және мейрімді, сынға төзе алады, өзіндік ирониясы болады және өзіндік өзгеруге дайын. Continue reading

Posted in Психология, Педагогика | Leave a comment

Лидерліктің стильдері

Лидерліктің (басшылықтың) стилі түсінігі Курт Левин және оның әріптестері Р. Липпит және Р.Уайтпен енгізілген, олар стильдің басты себебі ретінде шешім қабылдау әдісін қарастыруды ұсынды, соның негізінде автократиялық, демократиялық және еркін стильдері бөлінді.

Автократиялық (авторитарлы, директивті) стиль – басқарушы өзі ақпаратты жинап, өзі шешім қабылдайды, топтағы немесе ұйымдағы жұмыстардың жағдайын өзі бағалайды және бағынушыларымен негізінен анық, нақты бұйрық-талаптар арқылы өзара әрекеттеседі, кері байланысты қажет етпейді және де оны болдырмайды. Әсер ету тәсілдері лидердің өзімен анықталатын санкциялар болып табылады. Continue reading

Posted in Психология, Педагогика | Leave a comment

Индивидуалдылық құрылымындағы қарым-қатынас стилі

Кеңестік психологияда бағдарлар мен стратегиялармен бірге көптеген зерттеушілер адамға оларды жүзеге асыруға көмектесетін әдістер жайлы,басқаша сөзбен айтқанда қарым-қатынас стильдері туралы айтады. Кеңестік ғылымда қарым-қатынастың индивидуалды стилін (оны басқаша партнермен “өзара әрекеттесу стилі”, ”өзара қатынас стилі” деп те атайды) зерттеудің бастаушысы В.С.Мерлин болып табылады, ол оны іс-әрекет стилінің жеке жағдайы ретінде қарастырады. Алғашында интегралды индивидуалдылық теориясының авторы бұл түсінікті өзара қатынасты туғызатын операциялар, әдістер және тәсілдердің тұтас жүйесі ретінде анықтады. Continue reading

Posted in Психология, Педагогика | Leave a comment

Тұлғаның бағдарлары мен қарым-қатынас стратегиялары

Адам индивидуалдылығының көпжақтылығы тек қана кәсіби іс-әрекетте емес,  басқа адамдармен қарым-қатынаста көрінеді — реалды, гипотетикалық, күнделікті және конфликтілі. К.Хорнидің ойынша, адам бала кезінен бастап басқа адамдарға деген тұлғалық бағдарлар, 3 негізгі стратегия өндіріп, кейін оларды ұстанады: бұл адамдарға бағытталған қозғалыс, онда басты болып басқалар жағынан махаббат болып табылады, ал қалған мақсаттар оны ақтауға деген қалауға бағыңқы болады; адамдарға қарсы бағытталған қозғалыс, онда “джунгли философиясы” басымдық көрсетеді: өмір бұл тіршілік ету үшін тоқтамайтын күрес, соның ішінде басқа адамдармен; соңғысы, адамдардан қашу,тәуелсіздік пен қол сұғылмаушылық қажеттіліктерімен сипатталады, күрестің әр түрлі көріністерінен бас тартады, бірақ бір сәтте адамның бейімделуіне кедергі келтіреді (19). Continue reading

Posted in Психология, Педагогика | Leave a comment

«Мен» концепциясы өмірлік стильдің негізі ретінде

Өмірлік стильді қалыптастырудың бастауы адамның өзі туралы елестетулер болғандықтан, өзіндік сананың индивидуалды нүсқалығын қысқаша қарастырып отыру керек. Индивидтің мінез-құлқының  тенденциасын және бағасын пайымдауды білдіретін өзі туралы елестетулер жиынтығын «МЕН» концепциясы деп атайды, яғни адамның өзі жайлы  жалпы ұстанымдар жүйесі. Continue reading

Posted in Психология, Педагогика | Leave a comment

Кеңестік психологиядағы индивидуалды стиль түсінігі

Кеңестік ғылымдарда даралықты қозғалыста сипаттайтын стиль түсінігіне ерекше мән береді. Локализацияға байланысты орын толтырылатын немесе бейне өзгеретін сапалардан қарым – қатынас стиль, когнетивті стильді (қасиеттерді шынайылау әдісі), шебер іс — әрекет стильін бөлуге болады. Бір бүтін жүйеге бағынып, интеграциялана отырып, олардың барлығы адамның ортамен өзара әрекеттескенде, нәтижелі бейімделген, және оптималдандырылған көзқарасы бойынша, индивидуалды ерекшелігін орнату эвалюциялы маңыздылықты адамның стильін қалыптастырады. Continue reading

Posted in Психология, Педагогика | Leave a comment

Психологиядағы өмірлік стиль түсінігі

Даралық деңгейдің барлық сипттамалары адамда және басқа ерекшеліктерде әлеммен өзара әрекеттесу барысында көрінеді, және оның нұсқаулары бар. Дифференциалды психологияда бұл әдісті анықтау үшін  «Стиль» түснігін қолданады. Адам мінез – құлқының ренсалды стильінің маңыздылығын көрсетудің алғашқыларының  бірі И. В. Гете, оның көрінулері даралықтың жоғары қасиетіне тән дейді.  Ал психологияда өмірлік стиль түснігін алғаш қолданған А. Адлер.  Ол оған мынандай анықтама берген: адам өмірінің қайталанбас картинасын анықтайтын әдеттер мен мінез – құлық тәсілдері, ерекше қырлардың бірігуі. Continue reading

Posted in Психология, Педагогика | Leave a comment

Қабілет және тұлға даралығы

Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы сипаттайды. Ол сапалық пен сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі) және арнайы немесе жекеше  (қандай да бір арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық, сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі). Жекеше қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды), соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Continue reading

Posted in Психология, Педагогика | Leave a comment